Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Нұрбол Бахадурұлы Мырзатаев тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарында бастап, инспектордан бастап басқарма басшысы деңгейіне дейін көтерілді. Әр жылдары қаржы полициясында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауапты қызметтер атқарған.
2015–2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйесінде еңбек етіп, департамент басшысының орынбасары лауазымына дейін жетті. Ал 2022–2026 жылдары Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасын басқарды.
Жаңа қызметінде ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді деп күтілуде.