banner

Шымкент тұрғыннан аса ірі көлемде героин табылды

424

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 70 грамнан асатын героин және марихуана екені анықталды. 

Шымкент тұрғыннан аса ірі көлемде героин табылды Фото: polisia.kz

Еңбекші ауданының аумағындағы қараусыз қалған ғимараттың ішінде жүрген ер адам полицейлердің күдігін тудырды. Тәртіп сақшыларының жақындағанын байқаған ол ғимараттан шығуға асықты, бірақ сол мезетте ұсталды.

Тексеру барысында полицейлер оның сөмкесінен есірткі салынған 4 полиэтилен пакет тапты. Оның бірінде бір реттік дозасы бар ұнтақ салынған 49 қаптама табылды.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты жерін анықтап, тінту жұмыстарын жүргізді. 49 жастағы азаматтың үйінен екі пластикалық контейнер мен ұнтақты есірткі заттары салынған бір пакет, сондай-ақ олардың салмағын өлшеуге арналған таразы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 70 грамнан асатын героин және марихуана екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу