Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңгенің көлігін заңсыз айдап кетті

679

Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңге тұратын көлікті заңсыз айдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңгенің көлігін заңсыз айдап кетті

Наурыз айының соңында жергілікті автосалонның әкімшілігі тексеру кезінде автокөліктердің бірінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы 28 млн теңгені құрады. Оқиға туралы жұмысшылар дереу полицияға хабарлады.

Хабарлама СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді.

Полицейлер көлікті айдап кеткен тұлғаны анықтау мақсатында бірқатар жедел іс-шаралар өткізді. Криминалдық полиция қызметкерлері автосалон жұмысшылары мен куәгер болуы мүмкін азаматтардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Жедел басқару орталығының инспекторлары көшелердің бойында орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары екі сағат ішінде Бәйдібек би көшесінде ұрланған автокөлікті анықтады. ЖБО қызметкерлері патрульдік полицейлерге көліктің тұрған жері туралы дереу хабарлады. Көлік құралын заңсыз иеленген азамат ұсталды.

Автокөлік салонға қайтарылды. Қазіргі таңда іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекске сәйкес аталған құқық бұзушылық 1000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу