Шымкент зообағында түйеқұсты тепкен жасөспірім жауапқа тартылды

179

Оқиға 25 мамыр кешкісін орын алған.  

Шымкент зообағында түйеқұсты тепкен жасөспірім жауапқа тартылды Фото: бейнеден скриншот

Шымкенттегі хайуанаттар бағында жасөспірім қауіпсіздік талаптарын елемей, жануарларға әдейі зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жасөспірімге арнайы қоршаудан асуға болмайтыны ескертілгенімен, ол бұл талапты елемей, түйеқұстың орналасқан аймағына заңсыз кіріп, құсты аяғымен тепкен. Бұдан бөлек, ол өзге жануарлар жүрген аумақтарға да өтіп, оларды әдейі үркіткен.

Шымкент қалалық зообағының мәліметінше, құқық бұзушы тез арада анықталған. Ол – кәмелетке толмаған жасөспірім. Бала мен оның ата-анасы түсініктеме жазған. Жасөспірім Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Зообақ қызметкерлері келушілерден қауіпсіздік талаптарын сақтап, жануарларға зиян келтірмеуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу