Шымкентке Қазығұрттың шыршалары егіледі

1119

Шымкентке Қазығұрттың шыршалары егіледі

Шымкент жақында жасыл желекті қалаға айналады. Шаһардағы көркейтудегі жұмыстары ауа райының салқындауына қарамастан шұғыл түрде қолға алынады. Мұны облыс басшысы Қазығұрт ауданына келген іс-сапарында мәлімдеп, жауапты басшылардың жұмысын жүйелеуді тапсырды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бүгінгі таңға дейін қаланың жасыл аймағына 3 миллионнан аса көшет егілген. Облыс басшысының тапсырмасы бойынша орталық көшелерге биіктігі 3 метрден асатын қылқан жапырақты ағаш, калифорния терегі, қырым қарағайы сынды 100 мыңға жуық ағаш егілмек.

Көшеттің басым бөлігі Қазығұрт ауданындағы тұқымбақтан алынады. Мұнда өсіріліп жатқан сеппе және тік көшеттер тұрақты түрде күтіп-бапталуда. Қазір саябақта көшеттің 40-тан астам түрі бар. Қалаға жақын арада қондырылатын түптер осындағы көшеттен іріктеліп алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу