"Шымкент қаласында көктем мезгілінің басталуына және ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымын 1 сәуірде аяқтау жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, қызмет сапасын арттыру мақсатында тұрғындардың өтініштері негізіндегі тиісті жұмыс жыл бойы жалғаса береді.
Сонымен қатар әкімдік сыртқы жылыту жүйелерін жөндеу немесе профилактикалық жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу