Шымкентте 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

413

Ол 13 қазанда үйінен шығып кеткен.

Шымкентте 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр Фото: ҚР ІІМ

Шымкент полицейлері 19 жастағы жоғалған жігітті іздеп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

15 қазан күні Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. 

Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан қайта оралмаған. 

Оның жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған. 

"Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", делінген ІІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу