Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

653

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.  

Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді Фото: inform.kz

ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 желтоқсанда сағат 20:25-те жер асты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км.

МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл шамасында сезілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу