Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталды

160

Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталды Фото: видеодан алынған кадр

Аталған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір күдіктіні ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу