Шымкентте 3 жасар бала 16 магнит жұтып қойған

176

Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп бірнеше магнит жұтып қойған.

Шымкентте 3 жасар бала 16 магнит жұтып қойған Фото: ДСМ

Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық шаралар жүргізіліп, кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Рентгенологиялық зерттеудің тікелей проекциясында баланың ішінен бөгде зат анықталды.

"Балаға жедел ота жасалды. Ішіне видеоэзофагогастроскопия жүргізіліп, асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит анықталды. Бөгде заттар эндоскопиялық граспердің көмегімен ағзадан толық алынып тасталды", – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне төнген қауіптің алдын алды, дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу