Шымкентте 3 жасар бала биіктен құлап көз жұмды

242

Қайғылы жағдай Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.  

Шымкентте 3 жасар бала биіктен құлап көз жұмды Фото: gov.kz

Мамандар ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақаттанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу