Шымкентте 3 жасар бала қолын еттартқышқа сұғып жіберген

533

Ол жансақтау бөліміне түсті.

Шымкентте 3 жасар бала қолын еттартқышқа сұғып жіберген Фото: Шымкент ТЖД

Сайрам елді мекеніндегі N3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқышқа сұғып  алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер баланың қолын шығара алмай, құтқарушыларды шақырған.

Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған. 

"Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған. Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде", деп хабарлады Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу