Шымкентте 36 азамат кәсіп ашуға алған ақшасын той-томалаққа жұмсаған

427

Жаңадан кәсіп ашып, бизнес жүргізудің орнына алған ақшасын отбасылық қуаныш пен өзге де тірлікке жаратқан.  

Шымкентте 36 азамат кәсіп ашуға алған ақшасын той-томалаққа жұмсаған Фото: gov.kz

Шымкент қаласында 36 азамат мемлекеттің нысаналы мақсатқа берген қаржысын орынсыз жұмсап жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осындай әрекетке барған 26 азаматпен қазір медиациялық келісім бойынша немесе ай сайын бөліп төлеу арқылы берешегін қайтару ісі жүргізіліп жатыр.

Ал ақшаның бір тиынын да қайтарудан бас тартқан 10 азаматтың ісі сотқа жолданды. Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңге шамасында ақша берілген.

– Олар 158 миллион теңгеден астам қаржыны нысаналы мақсатқа жұмсамағаны үшін бюджетке қайтаруы керек. Бүгінгі таңда қайтарылғаны 45 миллион теңгені құрайды. Қалған 112 миллион теңге бойынша қайтару жұмыстары жүргізілуде, – деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу