Шымкентте электрондық темекіні заңсыз сатумен айналысқан күдікті ұсталды. Полиция оның автокөлігінен 400 вейп тәркілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 4 миллион теңге деп бағаланды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынған. Бұл талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу