Шымкентте 6 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бапкерлер сотталды

1077

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Шымкентте 6 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бапкерлер сотталды Фото: canva.com

Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.         

Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу