Шымкентте 6 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

404

Баланың жағдайы ауыр.

Шымкентте 6 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті Фото: google.com

Оқыс оқиға 26 маусым күні сағат 19:00-де болған. 

Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттегі Еңбекші ауданы, Орынбай ақын көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан 6 жасар ер бала терезеден құлап кеткен. 

"Бүгінгі таңда бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.

Ведомство қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.  

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды тұрғыны 4-қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу