Шымкентте 7 жастағы оқушыға қатысты іс: полиция тергеу бастады

114

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 7 жастағы оқушы қызға сабақ кезінде әдепсіз әрекеттер жасалған.  

Шымкентте 7 жастағы оқушыға қатысты іс: полиция тергеу бастады Фото: UNICEF

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған оқушыға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалды деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталып, қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл деректі қалалық білім басқармасы растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға "Нұртас" жекеменшік мектебінде болған.

– Кәмелетке толмаған қыз балаға информатика пәнінің мұғалімі тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны анықталды, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Өз кезегінде Шымкент қалалық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ретінде қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары қаралып, куәгерлерден жауап алынуда.

– Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық процессуалдық әрекеттер заң талаптарына сай жүргізіледі, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу