Шымкентте 9 балабақшаның жұмысы тоқтатылды

107

Қалада мектепке дейінгі мекемелерде бірқатар заңбұзушылық анықталды.    

Шымкентте 9 балабақшаның жұмысы тоқтатылды Фото: gov.kz

Мониторинг нәтижесінде жекеменшік балабақшаларда тәрбиешілердің жетіспеушілігі, санитарлық және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты 9 ұжымның жұмысы тоқтатылды. Бірнеше балабақша иесіне кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Сала мамандарының айтуынша, білім саласын цифрландыру арқасында мемлекеттік бақылау күшейіп, балаларды тіркеу мен бюджет қаражатын заңсыз иемдену деректері әшкереленді.

Мәселен, екі мекемеде қайтыс болған бүлдіршіндер үшін 3 айдан 6 айға дейін заңсыз төлем алынып келгені анықталды.

"Сапасыз қызмет ұсынатын сол бір орында ұйықтайтын, сол орында ойнайтын, сол орында тамақ ішетін балабақшалар болды ғой бізде. Қазір де бар. Олардың саны азайып келе жатыр. Әлі де жабылып жатқандары бар. 609 балабақшадан бүгінгі таңда балабақшаның саны 645-ке дейін өсті жабылып жатқанына қарамастан. Яғни сапалы, қадамдық жерде орналасқан балабақшалардың көбейіп келе жатқанын айтуымыз керек", – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу