Шымкентте 900 пәтерлі 30 үй пайдалануға беріле бастады

1294

Шымкентте 900 пәтерлі 30 үй пайдалануға беріле бастады

2015 жылы Шымкент қаласы "Асар" шағын ауданында 5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. 900 пәтерді құрайтын жаңа тұрғын үй алабының құрылысына 7 миллиард 652 миллион теңге жұмсалды. Бүгінде тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды қоныстандыру ісі басталды.

Жаңа жылдың алдында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қуанышқа кенелген ең алғашқы 42 отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Тұңғыш Президентіміздің көшбасшылығымен Қазақстан жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырып жатқан санаулы мемлекеттердің бірі. Шымкент қаласында "Өңірлерді дамыту – 2020" және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламаларының аясында 2015-2016 жылдары 82 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 5636 отбасы жаңа баспаналарда қоныс тойларын тойлады", - деді облыс басшысы.

Аймақ басшысы биыл облысымызда 80 мыңға жуық сәби өмірге келгеніне тоқталып, тұрғын үй салу жұмысы алдағы жылы да қарқын алатынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа пəтер иелерін аулаларды көгалдандыру мен тал егу жұмыстарына белсенді түрде қатысуға шақырды. Айта кетейік,  "Асардағы"  5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысын  "Корпорация АҚ ордасы" ЖШС-гі жүргізген. Жаңа пәтерлер тұрғындарға жалға алу  құқығымен ұзақ жылға беріліп отыр.  Мұндағы баспаналардың бір бөлмелісі – 42, екі бөлмелісі  54,  үш бөлмелісі 74 шаршы метрлі  900 пәтерді  құрайды.

Айта кетейік, "Асар" шағынауданынан пайдалануға берілетін 900 пәтерге жалға беру жүйесі бойынша "E-gov" порталы арқылы  4076 өтініш қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу