"Жолға таласқан": Шымкентте адам өліміне әкелген төбелес бойынша 4 күдікті ұсталды

107

20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шыққан. 

"Жолға таласқан": Шымкентте адам өліміне әкелген төбелес бойынша 4 күдікті ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Оқиға салдарынан 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды.

– Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Аталған жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды, – делінген қалалық полиция хабарламасында.

Күдіктілерді ұстауға Полиция департаментінің барлық күші мен құралы жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу