Шымкентте әйел адам қастандықпен өлтірілді

114

Қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте әйел адам қастандықпен өлтірілді Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент қаласында әйел адам кісі қолынан қаза тапты. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушіге жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақатын салған. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

"Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қаруланған күдікті ұстау кезінде қарсылық танытқандықтан, заң талаптары бойынша полицейлер табельдік қару қолданды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу