Шымкентте академиялық ескек есуден ел кубогы өтті

1047

Шымкентте академиялық ескек есуден ел кубогы өтті

Шымкентте академиялық ескек есуден ел кубогы үшін жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 66 ескек есуші қатысты. Аса тартысты өткен жарыстың бірінші күнінде оңтүстіктің спортшылары алғашқы алтынды жеңіп алды. Ерлер арасындағы жұптық сайыста Александр Афанасьев пен Байсангур Цатышаев жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, елордалық Абдуращид Ерматов пен Артем Курочкин екінші орынды еншіледі.

Жас ерекшелігі бойынша өрбіген сайыста командалық есепте 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль алған Қарағанды облысының спортшылары 1-орынды иеленді. 2 алтын, 3 қола медаль еншілеген астаналық ескекшілер 2-орынды ұтып алса, 3-орынға бір алтыны бар Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жайғасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу