Шымкентте әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге талап еткен блогер ұсталды

143

Ведомство барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Шымкентте әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге талап еткен блогер ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент полициясы мемлекеттік қызметкерден ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналисті қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала деректерге сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды әлеуметтік желілерде таратпау үшін 10 миллион теңге көлемінде сыйақы талап еткен.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, тергеу үшін маңызды электрондық құрылғылар мен өзге де заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу