Киберполицейлер интернет арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны анықталып отыр.
Күдікті әлеуметтік желілер мен танымал хабарландыру сайттарында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Жалға алуға ниеттілер хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпаған.
Күдіктінің 4 алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды.
Тергеу жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу