Мамандар электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС апаттық бригадасы толығымен жұмылдырылып, апат салдарын жою және электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жатыр. Жарықтың қайтадан өшпеуі үшін тиісті алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан уақытта компания 24 шілде күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы электр өшірулер болатынын ескертті. Олар қаланың төрт ауданында жүзеге асады:
Тұран ауданы
Қазығұрт шағын ауданы: Ақжар-1 (27-35 үйлер), Баянауыл (1-90), Қызылқұм (1-85), Төлебаев (1-90), Ғабдуллин (1-90), Бақытты (1-70), С. Мұқанов (18-82).
Абай ауданы
Қайнарбұлақ тұрғын алабы: Вишневая, Виктория, Зеленая, Грушевая, Садовая, Абрикосовая, Орталық, Медиктер, Мичурин, Фабричная, Фруктовая, Клубничная, Энергетиктер, Металлистер, Ореховая, Дачная, Достық, Южная, Степная, Полевая, Строительная көшелері.
Жаңаталап шағын ауданы: Қасқабұлақ, Нұрсая, Абылайхан, Есбол қажы, Оспанов, Манлай ата, Жангелді батыр көшелері.
Қаратау ауданы
Таскен шағын ауданы – Пармен көшесі
Бозарық шағын ауданы – Бәйдібек би көшесі
Әл-Фараби ауданы
Қабанбай батыр көшесі (11, 11а, 11б, 13, 13а),
Володорский көшесі (2, 2а, 2б, 2в),
Текстильная
Рашидов көшесі (25, 27),
Артельная (3, 3а, 3в, 12),
Әбдіразақов көшелері.