Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алған 150 адам жұмысқа орналасты

148

Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек 1615 отбасындағы 8 290 азаматқа тағайындалған.  

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алған 150 адам жұмысқа орналасты Фото: gov.kz

Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 5158 отбасыдағы 27 238 адамды құраған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АӘК-тің басты мақсаты – азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде көмек алушылар саны 63 пайызға азайды. Бүгінде олардың қатарында еңбекке қабілетті 868 азамат бар. Оның ішінде өтініш беру кезінде 638 адамның жұмысы бары анықталды.

Ақшалай төлеммен қатар, жұмыспен қамту шаралары ұсынылады. Олар – тұрақты жұмысқа орналастыру, оқуға жолдау, қоғамдық жұмыстар мен жастар практикасына қатыстыру, сондай-ақ, қайтарымсыз гранттар арқылы кәсіпкерлікке баулу.

Нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында АӘК алушылар арасынан 162 азамат жұмыспен қамту бағдарламаларына тартылды. Оның ішінде 150 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 6 адам қоғамдық жұмыстарға, тағы 6 адам қайта даярлау курстарына жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу