Шымкентте әуе шарлары қызмет көрсетеді

2063

Шымкентте әуе шарлары қызмет көрсетеді

24 наурызда Шымкенттегі атшабар маңында тұңғыш рет халықаралық "Ashyq Aspan" әуе шарларының фестивалі өтеді. Іс-шара бағдарламасында монгольфьерлердің шеруі ұйымдастырылады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оған елімізден, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген спортшылар қатысады. Бұдан бөлек әуе шарымен аспанда қалықтауды армандайтындар үшін қызмет көрсетілмек. Қонақтар түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, сыйлықтар алады.

Аэронавигация мамандарының шеберлік сабақтарынан әуе шарымен ұшудың қыр-сырын үйренуге болады. Фестиваль аясында флешмоб ұйымдастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу