Шымкентте ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, науқасқа шабуылдаған

151

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Шымкентте ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, науқасқа шабуылдаған Фото: Видеодан скриншот

Ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, бір адамды соққыға жықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Видеодағы сипаттамаға сәйкес, шабуыл кезінде агрессор бұрын түрмеде отырғанын "мақтан" еткен. Шымкент ПД аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында", – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу