Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Исаханов көшесінде орналасқан автокөлік жөндеу бокстарында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері сегіз бокстың төртеуін өрт шарпығанын анықтады. Жалынның жалпы аумағы 119 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан көлемі 50 литрлік оттегі баллонын алып шығып, жарылыс қаупінің алдын алды.
Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу