Шымкентте азаматтығы жоқ 145 адамға куәлік берілді

706

ҚР аумағында 2020 жылғы қыркүйектен бастап мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды анықтау, ҚР азаматының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ адамдарды куәландыру бойынша науқан өткізілуде.

Шымкентте азаматтығы жоқ 145 адамға куәлік берілді

Осы мақсатта 13 сәуірде Әл-Фараби АПБ Азаматтарды қабылдау кеңсесінде Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен, "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" ҚБ бірлесіп азаматтығы жоқ тұлғаларға кеңес беріп, құжаттарын табыстады, деп хабарлайды ІІМ ақпараттық порталы.

Жалпы науқан басталғаннан бері Шымкент қаласы бойынша 600 құжаттанбаған адам анықталған. Оның ішінде азаматтығы жоқ 145 тұлғаға куәлік беріліп, қалған тұлғалар Қазақстан азаматы ретінде танылған анықтаманы алды.

Сондай-ақ ескі үлгідегі паспорт бойынша 162 адам тіркеліп, құжатсыз жүрген 228 адамға анықтама беріліп, құжаттар рәсімделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу