Шымкентте азық-түліктің құрамын зерттейтін зертхана ашылды

1201

Шымкентте азық-түліктің құрамын зерттейтін зертхана ашылды

Ұлттық сараптама орталығында жаңа зертхана ашылып отыр. Енді оның қызметі мыңдаған отандасымыздың денсаулығын қорғауда көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды otyrar.kz.

Генді инженерия алқапты өнімнің көлемін көбейтіп, көптеген жемістің дәмін кіргізгені рас. Дегенмен, зиянды жағы да бар. Яғни, тұтынушының денсаулығына залал келтіреді. Мысалы, 2004 жылдан бері қолданыста бар халықаралық келісімдерге сай, тағамдағы гендік тұрғыдан өзгертілген ағза мөлшері 9,9 пайыздан аспауы тиіс. Одан асып кетсе, денсаулыққа орны толмас зиян келтіруі мүмкін. Осыған орай енді азық-түліктің сапасынан күдіктенгендер оның құрамын зертханалардан тексере алады.

Ұлттық сараптама орталығындағы жаңа зертханалық құрылғылардың көмегімен азық-түліктің ішіндегі гендік тұрғыдан өзгертілген ағза мөлшерін ғана емес, қағазда көрсетілмеген өзге де қосымшаларды анықтауға болады. Мысалы, шұжықтағы жылқы немесе шошқа етінің бар-жоғын біле аласыз. Гендік тұрғыдан өзгертілген ағза мөлшері мұнда ДНҚ дәрежесінде анықталады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаушы мамандардың айтуынша, бұл орталықтағы зертхананың қызметінің қажеттілігі ауыл шаруашылығы дамыған біздің өңірімізде таяуда арта түседі. Яғни, дастарханымызға күнделікті қойылатын азық-түліктің қауіпсіздігін арттыруда көмектеспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу