Бадам өзенінен заңсыз құм қазған кәсіпкер ұсталды

117

Бадам өзенінің бойында заңсыз құм қазумен айналысқан кәсіпкердің ісі әшкереленді.

Бадам өзенінен заңсыз құм қазған кәсіпкер ұсталды Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Жергілікті тұрғындар жүк көліктерінің өзен жағасынан топырақ пен құм тасып жүргенін бейнежазбаға түсіріп, құқық қорғау органына хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шағым негізінде тексеру жүргізілді. Кәсіпкердің жер теліміне мемлекеттік актісі болған, алайда құжат бойынша балық шаруашылығын жүргізуге рұқсат берілген. Ал ол заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан.

Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалада 14 ресми тіркелген жер қойнауын пайдаланушы бар. 24 кәсіпорынның рұқсат құжаттары Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін жойылған.

Жергілікті билік пен құқық қорғау органдары заңсыз пайдалы қазбалар өндірушілермен күресті жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу