Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған 60 жастағы ер адам қамалды

297

Сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы шығарылды.

Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған 60 жастағы ер адам қамалды Фото: Бейнежазбадан

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікке арналған бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген қала тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Жаңа Шаһар" базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Полицияның мәліметінше, 60 жастағы Константин Силагин өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі сындырған. Соның салдарынан қоғамдық мүлікке материалдық залал келген.

Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық қауіпсіздікке арналған құрылғыларды бүлдіргені үшін заң аясында жауапкершілік көзделгенін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу