Шымкентте бір әулеттен шыққан 32 полицей ел қауіпсіздігіне үлес қосып келеді

713

Өмірзақовтар әулетінде құқық қорғау саласындағы қызмет үш ұрпаққа жалғасқан.  

Шымкентте бір әулеттен шыққан 32 полицей ел қауіпсіздігіне үлес қосып келеді Фото: gov.kz

Шымкент қаласында құқық қорғау саласында бірнеше буыннан тұратын полицейлер әулеттері аз емес. Солардың бірі – Өмірзақовтар әулеті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде бұл әулеттен шыққан 32 адам ішкі істер органдарында қызмет етіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.

Бұл әулетте қалыптасқан еңбек жолының негізін Батырхан Өмірзақов қалаған. Бүгінде оның ізін ұл-қыздары мен немерелері жалғастырып отыр. Әулет мүшелерінің жалпы еңбек өтілі үш ғасырдан асады. Олар қызметте де, отбасында да бірлікті сақтап, тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырған.

Солардың бірі – полиция майоры Нұрсұлтан Өмірзақов. Ол ішкі істер саласында 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қызмет жолын тергеуші болып бастаған офицер бүгінде полиция департаментінің кадр жұмысы басқармасында қызмет атқарады.

Оның айтуынша, әулетте ең басты қағида – елге адал қызмет ету және жауапкершілікті жоғары ұстау.

Бала кезінен тәртіп пен қызметке құрметпен қарап өскен офицер жас қызметкерлерге де Отанға адал қызмет етудің маңызын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу