Шымкентте бүтін бір отбасы белгісіз себеппен қайтыс болды

1783

Олар көмірқышқыл газынан улануы мүмкін.

Шымкентте бүтін бір отбасы белгісіз себеппен қайтыс болды Фото: Otyrar

Шымкентте белгісіз себеппен бір отбасы мүшелері өз үйлерінде қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оқиға "Ынтымақ-2" мөлтекауданында болған.

"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиғадан сәл бұрын қауіпсіздік рейдтері кезінде қазандықтың жағдайын көрген газ қызметкерлері бұл үйді газдан ажыратқан. Алайда үй иесі рұқсатсыз қосқан болуы мүмкін. Полиция "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша іс қозғады. 

Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сүйенсек, отбасы мүшелері газға тұншығып қайтыс болған. Оның ішінде 2007, 2008 және 2012 жылдары туған үш бала бар.

"2023 жылдың 27 қазанында Шымкент қаласындағы жеке үйлердің бірінде көмірқышқыл газынан улану белгілері бар 5 адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу