Бұл кезде ішінде үш күзетші ғана болған. Куәгерлердің айтуынша, шіріген ағаш құлап, электр сымын үзген. Оттың тұтануына осы себеп болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалын жапсарлас тұрған Мемлекеттік істер жөніндегі департамент пен Мемлекеттік басқару академиясына да тараған. Тұрғызылғанына 70 жылдан асқан үш нысанның жалпы 1 200 шаршы метр шатыр аумағы өртеніп, екінші қабаттағы кабинеттер де зақымданды.
Салдарынан Абай ауданы әкімдігі, Мемлекеттік істер жөніндегі департамент және Мемлекеттік басқару академиясының 100-ден астам қызметкері ғимаратсыз қалды. Аудандық әкімдік екі ай ішінде жөнделіп, қызметкерлер қайта орнына оралуы тиіс.
Қазіргі таңда үш мекеме де уақытша орын іздеп жатыр.
– Жұмыс тоқтаған жоқ. Халықпен кездесулер, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңшасын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі электронды құжат айналымы уақытша тоқтаған, – деді Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Шерхан Кеңес.