Шымкентте бірнеше телефонды қолды еткен атыраулық азамат ұсталды

778

Күдікті 1,5 айдың ішінде шымкенттіктердің жалпы құны 800 мың теңге тұратын телефондарын иемденген. 

Шымкентте бірнеше телефонды қолды еткен атыраулық азамат ұсталды Фото: Polisia.kz

Атыраулық қалта ұрысы шымкенттіктерден 800 мың теңгенің мүлкін жымқырған, – деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-rе сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның телефонын базарда сауда жасап жүргенде ұрлап кеткен. 

Аталған жайтқа қатысты тергеушілер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті қолындағы күртешесімен жәбірленушінің қалтасын жауып, сол жерден смартфонын алып, “ізін суытқан”. 

Тәртіп сақшылары бейнекамералар мен куәгерлердің көмегімен ер адамның қозғалыс бағытын қадағалап, оны бірнеше сағат ішінде жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Ол Атырау облысының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Тергеу барысында ұсталған адамның қала базарларындағы қалта ұрлығының тағы төрт жайтына қатысы бар екені анықталды. 1,5 айдың ішінде ол шымкенттіктердің жалпы құны 800 мың теңге тұратын телефондарын иемденіп алған. Сондай-ақ ер адам бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу