Ер адам 5 жыл бұрын ажырасқан бұрынғы әйеліне қышқыл шашып, ауыр жарақат келтірді. Ерлі-зайыптының ортақ баласы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, шабуыл жасалған күні ер адам әйелге басқа нөмірден хабарласып, өзін клиент ретінде таныстырған. Ол кешкі уақытта қабылдауды сұрап, салонға қышқыл құйылған ыдыспен келген. Кейін химиялық сұйықтықты әйелдің үстіне шашқан.
Жәбірленуші басы, беті, мойны, кеудесі, қолы, арқасы мен иығынан ауыр күйік алған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, жанжалға несие және алимент төлеуге қатысты мәселелер себеп болуы мүмкін.
Күдікті Алматы қаласында қолға түсті. Осы факті бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.