Шымкентте дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алып шықты

469

Ота 2 сағатқа созылған. 

Шымкентте дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алып шықты Фото: Otyrar.kz

Шымкент қаласының дәрігерлері баланың миынан эхинококк кистасын алып тастады, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, 10 жасар баланың миынан шамамен 10-15 таспа құрт алынған.

Екі сағатқа созылған ота сәтті өтті. Науқас жансақтау бөлімінде 2 тәулік жатып, кейін палатаға ауыстырылды.

"Сәуірде 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кисталары алнды. Диагноз МРТ көмегімен анықталды. Бала бас ауруына шағымданған", - деді қалалық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Самат Көкшібаев.

Бір аптадан кейін бала үйіне шығарылды. Бүгінде ол дәрігерлердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу