Шымкентте дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті алып, өмірін сақтап қалды

313

Мұндай оталар асқан дәлдікті, кәсіби тәжірибені және заманауи медициналық жабдықтарды талап етеді.

Шымкентте дәрігерлер 4 жасар баланың ішіндегі үлкен ісікті алып, өмірін сақтап қалды Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қаласында дәрігерлер 4 жасар балаға күрделі ота жасап, іш қуысынан көлемді қатерсіз ісікті сәтті алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Дайындықтан кейін оған ота жасалып, іш қуысының лимфангиомасы – сирек кездесетін, бірақ көлемі ұлғайған жағдайда ішкі ағзалардың қызметіне айтарлықтай қауіп төндіретін қатерсіз ісік анықталды. Көлемі мен отаның күрделілігіне байланысты дәрігерлер лапаротомия әдісімен ісікті толық алып тастады. Сәтті өткен отадан кейін бүлдіршін бөлімшеге ауыстырылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Қазіргі таңда жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйіне шығарылған, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда соңғы жылдары хирургиялық көмектің сапасын арттыруға, күрделі оталарды жергілікті деңгейде жасауға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізілді. Балалар ауруханасында науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметтер толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу