Шымкентте діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген шетелдік ұсталды

426

Оған 172 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Шымкентте діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген шетелдік ұсталды Фото: Polisia.kz

Шымкентте Мысырдан діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген 22 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, "Шарм әл-Шейх – Шымкент" бағытындағы әуе рейсі ұшып келген соң тексеруден өту кезінде ер адам анықталып, ұсталған. 

"Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 1200 брошюра мен 50 кітап табылып, тәркіленді. Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу