Шымкентте дронның көмегімен есірткі таратқан күдікті ұсталды

330

Көлігінен 150 грамнан астам мефедрон табылды.

Шымкентте дронның көмегімен есірткі таратқан күдікті ұсталды Фото: gov.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері дронның көмегімен есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің әрекеті ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы анықталған. Одан кейін оның автокөлігі тексеріліп, ішінен мефедрон салынған 48 орама табылды.

Тәркіленген психотроптық заттың жалпы салмағы 150 грамнан асады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу