Шымкентте егістік жерлердің көлемі 2 мың гектарға азайды

102

Биыл арпа, бидай, мал азығы мен майлы дақылдарды өсіруге басымдық беріледі.    

Шымкентте егістік жерлердің көлемі 2 мың гектарға азайды

Жалпы аумағы 21 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдерін егу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сала мамандарының мәліметінше, бұл қаланың қарқынды өсуімен тікелей байланысты. Мемлекет қажеттілігіне қайтарылған жер учаскелеріне тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады.

Сонымен қатар күре жолдар төселіп, инфрақұрылым тартылады. Алайда егістік алқаптарының азаюына қарамастан қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл жылыжайлардың жалпы аумағы 140 гектарға жетті. Өйткені үлкен жылыжайлардың құрылысы қызып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу