Шымкентте екі жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап кетті

406

Шымкентте екі жасар бүлдіршін екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте екі жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап кетті

Оқиға "Нұрсәт-1" шағынауданындағы 210-үйде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған сәби терезеден төмен құлап кеткен. Ауруханаға жеткізілген оған "Жабық бас-ми жарақаты, іштің жарақаттары" диагнозы қойылды. Дәрігерлер тексергеннен кейін амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді. Қазіргі жағдайы орташа.

"Жыл басынан балалардың терезеден құлауына қатысты 6 жағдай тіркелді. Барлық оқиғада балалар жарақат алды. Ал өткен жылы 7 оқиға тіркелген болатын. Онда үш бүлдіршін жарақат алса, төртеуі қайтыс болды. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеміз", – делінген Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу