Шымкентте екпінді жел салдарынан оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді

927

Шымкентте екпінді жел салдарынан оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді

Дауылды желдің салдарынан тұрақтағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әуежайындағы арнайы тұрақта тұрған "Training center Part FCL" ЖШС-іне тиесілі, тіркеу номерлері UP-CS018 және UP-CS019 Cessna-172 ұшағына қатты жел салдарынан зақым келді. 

Айта кету керек, 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті аталған ұшақтардың Шымкент-Алматы бағыты бойынша ұшуы үшін "Training center Part FCL" ЖШС-іне бір реттік рұқсат берген.
"Training center Part FCL" ЖШС-і оқу-жаттығу орталығы акцияларының 9%-ы "Азаматтық авиация академиясы" АҚ-ға қарасты. Мұның алдында "Training center Part FCL" ЖШС-і ұшақтарымен әуе оқиғаларының орын алуына байланысты, компанияның ұшақ ұшыруына шектеу қойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу