Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтқан

199

Біраз уақыт өткен соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтқан Фото: gov.kz

38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.

Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және бөгде заттарды әдейі жұтпауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу