Полицияның мәліметінше, жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту, кері бағытта жүру және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы жолдағы басқа қатысушыларға қауіп төндірген.
Бейнебақылау камералары мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында барлық көлік құралдары анықталып, құқық бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылды.
"Барлық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 автокөлік айыптұраққа қойылды. 2 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды", – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жолда қауіпті әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.
Ведомство қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.