Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды

191

Тергеу басталды.  

Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Шымкентте полицейлер жедел іс-шаралар барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты интернет-ресурстардың жарнамасын таратқан жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында ер адамның қала аумағында есірткі сататын тыйым салынған сайттардың жарнамасы бар жапсырмаларды орналастырғаны анықталды.

Жарнамалық материалдарда жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынылып, есірткі заттарын таратуға қатысты интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген. Есірткі сайттарының жарнамасы бар жапсырмалар тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу