Шымкентте есірткі таратты деген күдікпен жас жігіт ұсталды

395

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шымкентте есірткі таратты деген күдікпен жас жігіт ұсталды Фото: Бейнежазбадан

"Қарасора — 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі таратумен айналысқан жас жігітті ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында полицейлер құрамында мефедрон психотроптық заты бар үш ораманы тауып, тәркіледі.

Тексеру барысында күдіктінің қыркүйек айынан бастап есірткі сататын интернет-дүкеннің курьері әрі ораушысы ретінде заңсыз қызмет істегені анықталды.

– Кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағынан жасырылған орын анықталып, одан мефедрон салынған ірі орама тәркіленді.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады, – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу