Шымкентте полицейлер тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын жазбаларды қалдырып жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, ол қаңтар айынан бастап қала аумағында жүйелі түрде граффити салып, мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін есірткі тарату арналарына сілтемелерді насихаттаған.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
"Полиция есірткі жарнамасын орналастыру – азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға бағытталған қылмыстық схеманың бір бөлігі екенін еске салады. Қала аумағында мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады", – делінген ПД хабарламасында.